Диетологтар коронавируспен ауырып шыққандар үшін ең пайдалы азық-түліктер жайлы айтып берді. Олардың кеңестері The Pioner атты үнді газетінде жарияланған.

Диетолог Прити Тяги коронавируспен ауырып шыққандарға тұтас дәнді тағамдарды жеуге кеңес береді. Диетолог сонымен қатар тамақ рационына йогурт, шай саңырауқұлағы, тұздалған қияр және атбас бұршақты қосуға кеңес береді, себебі аталған азық-түліктер ішек микрофлорасын қалпына келтіруге және иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ маман таңғы асқа грек жаңғағы, бадам немесе асқабақ дәндерін жеуге кеңес береді, өйткені олар ағзаның дерттен кейін қалпына келуіне әсер ететін омега-3 көп қанықпаған май қышқылдарына бай. Грек жаңғағы цинк, селен, ақуыз және B витаминіне бай.

Доктор Рохини Патил аурудан кейін бірден үйреншікті өмір салты мен тамақтануға қайта оралуды қате шешім деп ойлайды. Маманның пікірінше, ең бірінше кезекте тәулігіне 8-9 сағат бойы ұйықтау қажет. Ауырып шыққандар сонымен қатар көбірек су ішіп, физикалық және ақыл-ой жүктемесін уақытша тоқтатуы тиіс. Ағзадағы табиғи су балансын қалпына келтіру үшін чиа дәндері және райхан қосылған су ішуге кеңес беріледі.

Дереккөз: lenta.ru