ASHYQ қосымшасы мемлекеттің құзырына ресми түрде тапсырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мобильді қосымшаны пайдаланушылардың саны, операциялық жүйеге қарамастан, 1 миллион 700 мың бірегей қолданушыға жетті.

Қазіргі уақытта оның көмегімен пациенттердің оқшаулау режимін бұзудың 100-ден астам әрекеттің жолы кесілді.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, қазір Ashyq Aitu қосымшасымен біріктірілген. Алдағы уақытта функционалды Kaspi және Halyk платформаларында жүзеге асыру көзделіп отыр.