Қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) "Roses" әнінің ремиксі үшін тағы бір марапатқа ие болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Billboard Awards сыйлығын алды, бұл "Грэмми +1" сияқты тағы бір мықты жүлде, - деп жазды ол Instagram парақшасында.


15 наурызда ол америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнінің ремиксі үшін музыкалық саладағы №1 сыйлық - Грэммиді еншілеген еді.