Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова вакцина салдырды, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Бибігүл Төлегенова "Спутник-V" вакцинасының екі компонентін де алған. Бұл туралы журналист Тұрсын Қалимова facebook-тегі парақшасында жазды.


Танымал опера әншісі қазір 91 жаста екенін айта кеткен жөн.

"Бибігүл апайдың амандығын білейін деп хабарластым. Апамыз "Спутник-V" вакцинасының екі компонентін алыпты.

"О, апай, жақсы болды. Алматыға енді барғанда жүздесетін болдық" деп едім, "Алдымен вакцина салдыртшы, қызым, дейді", - деп жазады Тұрсын Қалимова.

Журналист әншінің "Халық аман болсын! Өздерін сақтасын!" деген сәлемін жеткізді.