Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында белгісіз бір әйел балаларға шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Куәгерлердің айтуынша, әйел бір топ жасөспірімге жүгіріп барып, былапыт сөздермен айғайлай бастаған. Не болып жатқанын балалардың өзі телефон камерасына түсірген. Осыдан кейін әйел қолында ұялы телефон ұстаған балаға да шабуыл жасайды.
Полиция өкілдері әйелді әкімшілік жауапқа тартқанын мәлімдеді.
Ztb.kz ақпараты бойынша, оқиға 16 мамырда кешке Думан-2 шағынауданында "МеркурГрад" ТК 29 үйінің жанында болған.
"Балалар ойнап жүріп бір-бірімен дауласып қалады, сол кезде бейтаныс әйел балаларға шабуыл жасап, айғайлап, былапыт сөздер айтып оларды № 27 үйдің маңындағы тірек пунктіне апаратыны айтып қорқыта бастады. Содан кейін ол бір баланы ұстап алып, құлағына шыңғырады, менің ұлым мұның бәрін түсіргісі келіп телефон камерасын қосады, бұған ол қатты ашуланып, жұдырығын сермейді, қолын тырнап, итеріп, телефонды алмақ болады", - делінген басылымда.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии