Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен жергілікті сағат 10.47-де Мұхит пен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды.

«ВАЗ-2115» автокөлігі Мұхит көшесімен келе жатқан «Лада Приораны» өткізбей, соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан 4, 6 жасар балалар және 7 айлық сәби зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша олардың миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын алған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 6 адам тамақтан уланып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/oralda-eki-avtokolik-soktygysyp-3-bala-zardap-shekti_a3788277