Белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров қызды болды. Бұл оның бесінші сәбиі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сүйінші жаңалықты әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін мен үшін қуанышты жаңалық болды. Бес баланың әкесі атанып жатырмын. Қыз бала дүниеге келді. Құттықтап жатқан барлық досыма алғысымды айтамын. Баршаңызға жұғысты болсын. Сіздер де сәбилі болыңыздар", - деді әзілкеш.
Айта кетейік, Қанат Әлжаппаров пен Нұргүл Құдайбергенованың шаңырақ көтергеніне биыл 12 жыл болды. Өнерпаздың екі ұл, үш қызы бар.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии