Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәлі екені дәлелденсе, қызметіңізден кетуге дайынсыз ба?,- деп сұрады тілшілердің бірі министрден.
Ең алдымен, конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін, - деді Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, қазіргі кезде Сәкен Мұсайбековке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оны букмекерлік қызмет саласы мүддесіне лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінгенін хабарлаған еді.
Мұсайбеков бұл қызметке 2020 жылы мамырда екінші рет тағайындалған.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии