Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ashyq жобасын іске асыру тақырыбында өткен брифингте вакцинацияланған адамдар қандай түсті мәртебеге ие болатыны туралы айтылды.
ҚР ДСМ СЭБК көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Уразалинаның айтуынша, вакцина салдырған тұрғындар мәртебесі жасыл түсті болады.
Вакцинаның екі компонентін де алған адамдардың мәртебесі жасыл түспен белгіленеді, - деп ол журналистердің сұрағына жауап берді.
Спикерлердің айтуынша, Ashyq қосымшасын вакцинация паспортымен біріктіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол 1 шілдеге дейін интеграцияланады.
Айта кетейік, жоба іске қосылған кезден бастап «қызыл» мәртебесі анықталған пайдаланушылардың жалпы саны 1 749, «сары» пайдаланушылар 1 268-ді құрады.
Сонымен қатар «Ashyq» жобасы әуежайларға енгізілгелі өзінің тиімділігін көрсетті. Нәтижесін 8 «қызыл», 9 «сары» пайдаланушы анықталды. Бұл КВИ-мен ауырып жүргендерін біле тұра адамдардың ел ішінде жүргендерін көрсетеді.
Еске сала кетейік, «Ashyq» – бұл ел ішінде COVID-19 вирусын жұқтыру және таралу үрдісіне барынша тосқауыл болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, карантиндік шектеулер кезінде бизнестің дамуына мүмкіндік беретін жоба.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии