Павлодар түрмесінде педофилді өлтіріп тастады – оқиғаның мән-жайы

Поделиться:
Павлодардағы қаупісіздік деңгейі жоғары түрмеде адам өлтіргені үшін қамалған ер адам өзге сотталушыны соққыға жықты. Ол ауыр дене жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесінің Павлодар облыстық департаментіне сілтеме жасап.


Департаменттің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдіғалиеваның айтуынша, 8 мамыр күні кешқұрым АП-162/4 мекемесінің санитарлық бөлмесінде адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы ер адам өзге сотталушыны соққыға жыққан. Ол медициналық көмекке жүгінбеген және әкімшілікке ешқандай арыз-шағым айтпаған.

"9 мамырда соққыға жығылған ер адам алған жарақат салдарынан жатқан жерінде қайтыс болды. Жедел жәрдем бригадасы оның өлімін тіркеді", – дейді Әбдіғалиева.

Айта кетейік, қайтыс болған ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабымен, кәмелетке толмаған баланы зорлау ісі бойынша айыпты деп танылып, сотталған. Соның негізінде жазасын өтеп жүрген.


Оқиға орнына тергеу тобы мен прокуратураның, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және қауіпсіздік қызметінің өкілдері шұғыл жетті. Сондай-ақ, ол жерге ұлттық алдын алу механизмі мен қоғамдық бақылау комиссиясы да шақырылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также