Таразда департамент басшысы мен бас дәрігердің орынбасары ер адамнан пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот үкімі Тараз қаласында 12 сәуірде шығарылды.
Сот алдына Жамбыл облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Зейнебеков және №5 қалалық емхана бас дәрігерінің медицина бөлігі бойынша орынбасары Аймұрзаев келді.
Белгілі болғандай, департамент басшысы Аймұрзаев арқылы Шахмановтан 100 мың теңге пара алған. Шенеунік ер адамға әкесінің екінші топтағы мүгедектігінің мерзімін ұзартып беруге уәде еткен.
Сот үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып сотталды.
Зейнебековке 2,5 миллион теңге, Аймұрзаев пен Шахмановқа әрқайсысына 1 миллион теңгеден айыппұл салынды.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии