Нұр-Сұлтанда жолдың ортасында төбелескендер видеоға түсірілді. Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төбелес болған жерде түсірілген видео кадрлары бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған.
Полиция өкілдері Бөгенбай батыр даңғылында "Газель" көлігі мен Mercedes тізгініндегі жүргізушілер арасында төбелес болғанын хабарлады.
"Төбелеске жүргізушілердің бір-біріне жол бермей, әдепсіз қылық көрсетуі себеп болған. Жанжалға қатысқандар анықталып, полицияға жеткізілді. Анықталған факт бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция өкілі.
Құқық қорғау органы қызметкерлері жүргізушілерден қоғамдық тәртіпті сақтауды және жолда көлік құралдары қозғалысына кедергі жасамауды сұрайды.
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}