Асқыну кезеңі: көктемде мазаны жиі алатын аурулар

Поделиться:
Көктемде және күзде бірінші кезекте асқазан-ішек аурулары асқындайды. Бұл жайлы дәрігер-терапевт Людмила Лапа айтып берді. Дәрігердің айтуынша, мұндай жағдайда минералды су мен арнайы дәрі-дәрмек жақсы көмекші бола алады. Ал созылмалы ауруға шалдыққандарға дәрілерді дәрігердің өзі таңдап беруі тиіс.

"Ішек-асқазан ауруларын болдырмау үшін ең алдымен иммунитетті нығайтқаг жөн. Көктемде және күзде аурудың алдын алу шараларына мән беру керек", - деп айтты маман.

Көктемде сонымен қатар аллергия басталады. Ол да асқазан-ішек жұмысымен және айналамыздағы тозаңмен байланысты пайда болады.

Бұл мезгіл жүрек ауруларына бейім пациенттерге де әсерін тигізеді. Көктемде ауа-райы құбылмалы болғандықтан қан қысымы жиі өзгеріп тұрады. Бұл таң қалдырарлық жаңалық емес, себебі жүрек және тамыр ауруларының барлығы дерлік сыртқы және ішкі қысыммен тығыз байланысты.

Дәрігердің айтуынша, көктемде сонымен қатар психикалық аурулар жиі пайда болады. Бұл кезеңде адамдар өсіп жатқан оқу немесе жұмыс жүктемесің әсерінен көп қиналады.


Дереккөз: tvzvezda.ru

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также