«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының директоры, танымал әнші Сәкен Майғазиев коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыртты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әнші бұл туралы Іnstagram-даға парақшасында жазды. Арасында әзілдеп те қойды.
Халқымнан, Президенттен, имамдардан, мұғалімдерден, мемлекеттік қызметкерлерден, медицина, полиция қызметкерлерінен әулие емес шығармын, көппен көрген ұлы той, кеше мен де Медикер оталығында «Спутник V» екпесін салдырдым, - деп жазды Сәкен.
Сонымен қатар ол өзін екпе салдыртуға ешкімнің мәжбүрлемегенін, сондай-ақ видеоны үгіттеу үшін салып отырмағанын жазды.
Ешкім мәжбүрлеген жоқ, мен де ешкімді үгіттемеймін. Былтырғыдай өлім-жітім көбеймесе екен, ең болмаса таралуына себепші болмасам екен деген ниет. Оқшауланып, қашықтықтан жұмыс жасап, (тойхананың асханасынан кіріп (қалжың) шаршадық. Кеше жариялайын дедім де, бүгін қандай әсерде болғаныммен бөліспекке бел будым. Бір Аллаға шексіз шүкір, жағдайым жақсы. Таңғы төртте тұрсам терлеп жатыр екем. Ешқандай ауыртпалық сезбедім, - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Ол өз кезегінде мүфтияттың пәтуәсы бойынша, аузы берік адамға екпе салдыру Оразаны бұзбайды деп айтты.
«Тойхананың асханасынан кіріп шаршадық». Майғазиев вакцина салдыртты
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}