"LRT-ні бұзып жатыр" - қазақстандықтар Желіде тараған видеоны талқылап жатыр

Поделиться:
Нұр-Сұлтан тұрғыны Қалдаяқов көшесіндегі LRT-ні "бұзу" сәтін видеоға түсірді. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларға City Transportation Systems (CTS) компаниясы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы astana_sergek парақшасында пайда болды. Онда бейне авторы жоба аяқталмайды деген болжам жасайды.

"Міне, LRT-ні бұзып жатыр. Жалғастырып салмайтын сияқты. Бұрын осында тұрған, бұзып тастады", - дейді кадр сыртындағы адам.

Компанияның баспасөз хатшысы Оксана Лоскутованың айтуынша, видеода LRT-ні бұзу емес, қарапайым жұмыстар кезі түсірілгенін хабарлады.

"Видеода бағана қазуға арналған құбырлар. Қаржыландыру болса, жұмыс басталады", - CTS өкілі.

Ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысын жалғастыру үшін шетелдік инвесторлар іздеп жатқанын айтқан болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также