Ертіс арнасында қырылып қалған балықтар табылды

Поделиться:
Өскемен тұрғындары ШҚО экология департаментін Ертіс өзенінде өлі балықтар табылғанын хабардар етті. Мамандар балықтан сыртқы да, ішкі де зақым тапқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Устинка LIVE сайтына сілтеме жасап.

Балықтар Samal паркінің ауданындағы Ертіс өзенінің ағысында қырылды. Ведомство мамандары балық шаруашылығы институты, балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар басқармасы және ветеринарлық инспекция қызметкерлерімен бірлесіп, осы оқиғаны тіркеу үшін өзенге шықты.

"Мамандар балықтарды жинап, биологиялық талдау жүргізді, нәтижесінде сыртқы және ішкі зақым табылған жоқ. Аспаптық талдау үшін су сынамалары алынды, зерттеу үшін балық жиналды", - деп түсіндірді экология ведомствосының өкілдері.

Су мен балық сынамаларын талдау нәтижелері қосымша хабарланады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также