Nurbank Aktobe

Nurbank Aktobe

Біз тағы да клиенттеріміздің ең жиі қойылатын 5 сұрағына жауап береміз! Бұл жолы біз депозиттер тақырыбын қозғадық! Карусельді парақтап, өздеріңізге сақтай отырыңыздар. Егер әлі де сұрақтарыңыз болса, оларды астына жазып қалдырыңыздар.

🔸Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемақының қазіргі кездегі сомасы қандай?

5 000 000 (бес миллион) теңге. Сома 5 млн теңгеден артық емес теңгеге баламалы болуы тиіс.

🔸Кәмелетке, 14 жасқа толмаған балаға депозит ашуға бола ма?

Иә, депозитті ата-анасының бірі немесе басқа бір заңды өкілі немесе ата-анасының немесе заңды өкілінің сенімхаты негізінде іс-әрекет ететін үшінші тұлға аша алады.

🔸Білім алуға ашылған депозитке мемлекеттің сыйлықақысы қалай есептеледі?

Жинақ мерзімі бір жылдан асқанда 1-қаңтардағы жағдай бойынша салымда жинақталған қалдықтың нақты сомасына, жыл сайын мемлекеттің сыйлықақысы есептеліп отырады.

🔸Білім депозитінің есебінен шетелдегі жоғарғы оқы орнындағы оқу үшін төлем жасауға бола ма?

Егер салымшы шетелдің оқу орнына түссе, онда ол шетелдегі білім беру ұйымына қабылданғанын растайтын құжаттарды тапсырып, мемлекеттің сыйлықақысы мен банктік сыйақысы есептелген жинақ қаражатының есебінен оқу ақысын төлеуге құқылы. Шетелдік оқу орнына ақша аударылған сәттен бастап мемлекеттің сыйлықақысының есептелуі тоқтатылады.

🔸Оқу уақытша тоқтатылған немесе оқудан шығып қалған жағдайларда, салымға мемлекеттің сыйлықақысы есептеле ме?

Білім беру ұйымынан оқудан шығып қалған сәттен бастап үш күнтізбелік жыл өткенге дейін мемлекеттің сыйлықақысының сақталуы Заңда қарастырылған.

————

Мы снова отвечаем на ТОП 5 вопросов от наших клиентов!

В этот раз мы затронули тему депозитов!

Листайте карусель и сохраняйте к себе!

#nurbank

20 мая 2021г