Ақтөбе облысында бірқатар азамат «Халық алғысы» медалімен марапатталды
6-қазан, сейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай -ақ пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін 22 азаматқа «Халық алғысы» медалін табыстады. «Биылғы жыл бәрімізге де үлкен сынақ болды. Әлемді әлекке салған індет ел шетіне келгенде, оған қарсы тұруға бүкіл ел болып жұмылдық. Карантин режиміне көшіп, әдеттегіден тыс жағдайда жұмыс істеуге икемделдік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті вирустың кең тарап кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Дәрігерлеріміз өз білімдерімен тәжірибелерінің арқасында қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, мүмкін болған қауіп - қатерге қарамай індетке қарсы күресу – нағыз патриотизмнің көрінісі деп санаймын. Өздеріңіздей азаматтар бүгінгі күннің шынайы батырларына Халқымыздың алғысы шексіз»,-деп атап өтті аймақ басшысы.
«Халық алғысы» медалімен Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әлимағанбетов, Ақтөбе қаласы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Вячеслав Бикмұханов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Дүйсенбаева, «Жайсан» шекара бақылау бөлімшесінің кіші бақылаушысы Арслан Оразов т.б әр түрлі сала мамандары мен кәсіпкерлер, еріктілер тобының жетекшілерінен құралған бірқатар ақтөбелік марапатталды.
Ондасын Уразалин вручил актюбинцам, находившимся на передовой в борьбе с COVID-19, медаль «Халық алғысы»
Во вторник, 6 октября аким области Ондасын Уразалин встретился с представителями сфер образования, здравоохранения, социальной защиты, проявившими себя во время пандемии.
Глава региона поблагодарил их за самоотверженный труд и вручил им медали «Халық алғысы».
«Этот год для всех нас стал большим испытанием. Мы были вынуждены жить в режиме карантина, работать в нестандартных условиях. Глава государства принял такое сложное, но крайне необходимое решение, чтобы не допустить широкого распространения опасного вируса. Наши врачи, благодаря своим знаниям и опыту, спасли тысячи человеческих жизней. Борьба с пандемией, в которой вы приняли активное участие, стала проявлением настоящего патриотизма. Мы благодарны нашим истинным героям», - отметил глава региона.
Медалью «Халық алғысы» награждены заместитель начальника управления административной полиции Ерлан Алимаганбетов, начальник отдела административной полиции г. Актобе Вячеслав Бикмуханов, заместитель руководителя управления здравоохранения Айгуль Дуйсенбаева, младший контролер отделения пограничного контроля «Жайсан» Арслан Оразов, всего 22 человека, в числе которых представители различных сфер, предприниматели, руководители волонтерских групп.
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі