Облыс басшысы Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барды.
21 тамыз, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин және ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев Мәртөк ауданындағы бірқатар ауылшаруашылық нысандарын аралады. Аймақ басшысы алдымен Хазрет ауылдық округіндегі дәнді- дақыл өсірумен айналысатын “Коквест” ЖШС- де болды. ШҚ- тың егін жинау жұмыстарымен танысты. Биыл 4138 га бидай, 911 га арпа, 320 га сұлы,100 га жүгері еккен. Биыл ауа-райының қолайлы болуына байланысты егін бітік шықты. Күздік егінді жинау тамыз айында басталды. Осы уақытта ШҚ 15 центнер арпа жинаған.
Мәртөк ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Шамиль Сариннің айтуынша ауданда 126 мың га егістік алқап бар. Оның 62мың га дәнді-дақылдар егілген. Аудан бойынша 186 ШҚ егін шаруашылығымен айналысады. Аймақ басшысы бұдан соң, Родников ауылындағы
«РодникиАгро» ЖШС-ның егін ору, астық кептіру жұмыстарының барысымен танысты. ШҚ
Биыл 25 576 га жер алқабына ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен. 635 га күздік бидай, 13 947 га бидай, 195 га тары, 5 142 га күнбағыс, 5 396 га мақсары, 456 га біржылдық шөптер. Бүгінгі күні 635 га күздік бидайдың түсімі 12,3 ц/га орылып, жалпы өнім 783 тн құрады.
Аталған шаруашылықта сағатына 24 тн дақылдарды кептіргіш базасы жұмыс жасайды. Облыс әкімінің жұмыс сапары Мәртөк ауылында жалғасты. Мұнда құлпынай өсірумен айналысушы
«Экопродукты Мартука» ЖК шаруашылығы 2020 жылы 4 га жүгері және 2 га құлпынай отырғызған. 7 тонна құлпынай жиналған. Жақында соңғы технологиялық әдіспен 1 га құлпынай егу жұмыстарын жүргізуді бастайды. РФ «Мальга», «Бъюти» және «Клери» секілді голландиялық сұрыптың элиталық көшеттерін сатып алу жоспарлайды. Егістік алқабының жалпы көлемі 27 га құрайды. Тағамдық жүгеріні Ақтөбе қаласынан өзге Қостанай, Атырау, Ақтау қалаларына жібереді. Мемлекеттік субсидияның арқасында құны 6 млн тг болатын трактор сатып алған. Айтып өтейік, кәсіпкер алғаш 2017 жылы бизнесті өз қаражатымен бастаған. Мәртөкте биыл тағы бір мал сою пункті іске қосылды. «Сагиев М.Г.» ЖК күніне
10 бас ІҚМ союға қауқарлы. Аймақ басшысы Мәртөк ауылындағы автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары мен аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады. Жобалар “ Жұмыспен қамту жол картасы” мембағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Құны 220,7 млн.теңгеге ұзындығы 8,4 км болатын 4 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Жергілікті 42 азамат жұмыспен қамтылды. 64 жылдан бері алғаш рет жөндеу көрген Жангельдин көшесінің тұрғындары облыс әкіміне алғыстарын білдірді.
“Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен өңірде көптеген жұмыстар жасалуда. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен қыруар қаражатты жолдары жөндеуге, жарықтандыруға, балалар ойын алаңдарын салуға басымдық беріп отырмыз”,- деді облыс әкімі.
Бұдан соң аймақ басшысы орталық аурухананы аралап, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеумен танысты. Құрылыс жұмыстарына 166,8 млн.тг. бөлінген. Облыстық бюджеттің көмегімен 35 млн тг жуық қаржыға 6 жаңа жедел жәрдем көліктері сатып алынды.. Облыс әкімі Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлына жолдарды жөндеу, абаттандыру, қосымша жұмыс көздерін ашуды тапсырды.
Ондасын Уразалин посетил с рабочей поездкой Мартукский район
В пятницу, 21 августа, аким области Ондасын Уразалин вместе с депутатом Сената Парламента РК Мухтаром Джумагазиевым посетили ряд объектов сельского хозяйства Мартукского района.
Глава региона ознакомился с работой ТОО “Коквест”, занимающегося выращиванием зерновых культур в Хазретовском сельском округе.
В текущем году хозяйством засеяно 4138 га пшеницы, 911 га ячменя, 320 га овса, 100 га кукурузы.
Уборка озимых культур начата в августе. Средняя урожайность составила 15 центнеров с га.
По словам руководителя отдела сельского хозяйства Мартукского района Шамиля Сарина, в районе насчитывается 126 тыс га пашни, 62 тыс га засеяно зерновыми культурами, 186 КХ занимаются растениеводством. В селе Родниковка аким области ознакомился с ходом уборки урожая и сушки зерна ТОО “Родники Агро”.
Крупным хозяйством посажены сельскохозяйственные культуры на площади 25 576 га: озимые на 635 га, пшеница на 13 947 га, просо на 195 га, подсолнечник на 5 142 га, сафлор на 5396 га.
Урожайность озимых составляет 12,3 ц/га.
В данном хозяйстве используется сушильная база мощностью 24 тн в час. Рабочая поездка акима области продолжилась в селе Мартук.
С 2017 года в райцентре работает КХ "Экопродукты Мартука".
В 2020 году посажено 4 га кукурузы и 2 га клубники, собрано 7 тонн клубники. В ближайшее время здесь приступят к посеву 1 га клубники. Предприниматель планирует закупить в РФ элитные сорта голландских сортов клубники, таких как “мальга”, “бъюти” и “клери".
Общая площадь посевных составляет 27 га. Кукуруза, кроме г. Актобе, поставляется на рынки г. Костанай, Атырау, Актау.
В рамках госпрограмм хозяйство приобрело трактор стоимостью 6 млн тенге.
В Мартукском районе в 2020 году был запущен убойный пункт ИП «Сагиев М. Г.» мощностью 10 голов КРС
в день.
Затем глава региона проинспектировал качество среднего ремонта автодорог в селе Мартук и капитального ремонта центральной районной больницы.
Проекты реализуются в рамках госпрограммы «Дорожная карта занятости".
Стоимость среднего ремонта 4-х улиц протяженностью 8,4 км составляет 220,7 млн. тенге.
Трудоустроено 42 человека. Жители, проживающие по улице Жангельдина, автодорога на которой ремонтируется впервые за 64 года, выразили акиму области свою признательность.
«В рамках государственных программ в регионе проводится большая работа. При непосредственной поддержке Главы государства принимаются меры по решению проблем в приоритетных направлениях, уделяется внимание ремонту дорог, освещению, строительству детских игровых площадок», - подчеркнул аким области.
Затем глава региона посетил центральную больницу, где проводится капитальный ремонт. На строительные работы выделено 166,8 млн.тг.
На средства областного бюджета приобретено 6 новых карет скорой помощи.
В завершение рабочей поездки глава региона поручил акиму Мартукского района Ермеку Кенжеханулы обеспечить качественное и своевременное завершение работ по ремонту дорог, благоустройству населенных пунктов.
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі