“”
Қадірлі ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – әр жанның өміріне бағыт-бағдар беріп, адам бойына саналы тәрбие мен сапалы білімнің дәнін себеді. Бүгінгі жетістіктеріміз — ұстаздың маңдай тері мен мейірімі, еңбегі мен қамқорлығының арқасы.
Қазіргі кезеңде елімізде білім беру жүйесіне ерекше басымдық беріліп, балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдайлар жасалуда. Мектептердің материалдық базасын нығайтуға көлемді қаражаттар бөлінген.
Ыбырай Алтынсариннің «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі құндылығын бүгінге дейін жойған жоқ.
Біздің мақсатымыз — озық ойлы ұлт қалыптастыру, қуатты, әділетті, таза, заң мен тәртіпке негізделген қоғам құру. Бұл межеге жету жолында Ұстаздардың атқарып жатқан еңбегі зор.
Тәрбиелі, мәдениетті, адал ұрпақ тәрбиелеудегі қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!
Төл мерекелеріңіз құтты болсын!Отбастарыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызда шаттық орнасын!