Қадірлі ағайын!
Бүгін бүкіл шартараптағы мұсылман қауымының асыға күтетін қасиетті айы, Рамазан басталды. Діни мереке құтты болсын!
Рамазан – адамзат баласын татулық пен бейбітшілікке, мейірім мен ізгілікке үндейтін қадірлі ай. Бұл айда ораза ұстау – мұсылмандық шарттың бірі, әрі рухани жаңару мен тазарудың көзі. Ораза – адамзат баласын сабырлыққа тәрбиелеп, бардың бағасына жетіп, қайырымдылық жасап, сансыз сауап жинауға шақыратын қасиетті парыздың бірі.
Қасиетті айда жасаған құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Рамазан рахымымен, ризығымен келсін.
Бейбіт күннің бағасын білетін, тілі мен дініне берік, еңсесі тік ел болайық!
Комментарии