Kassa Nova BANK

Freedom finance, АО, филиал в г. Актобе
Freedom finance, АО, филиал в г. Актобе
・・・
«Банк Kassa Nova» АҚ басшылығында кадрлық өзгертулер болды

2020 ж. 20-желтоқсаннан бастап «Банк Kassa Nova» АҚ Директорлар кеңесін Турлов Тимур Русланович басқарады.
2020 ж.

20-желтоқсаннан бастап бұрын «Банк Kassa Nova» АҚ Басқарушы директоры лауазымын атқарған Гулфайруз Ахметова Басқарма төрағасының міндеттерін атқарушы болып тағайындалды. Бұл шешім 2020 ж. 28-желтоқсаннан «Банк Kassa Nova» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданды.

Тимур Турлов, СEO, Freedom Holding Corp, Банк Kassa Nova басшылығының құрамындағы өзгерістерге түсініктеме берді: «Біз «Банк Kassa Nova» АҚ-ның акцияларын алу бойынша мәмілелердің аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Банк командасымен бірге біз Қазақстанның қаржы нарығында өз позициямызды нығайтуды жоспарлап отырмыз. Біз ортақ күш-жігерімізбен жетістіктерге жететінімізге, бөлшек клиенттер үшін цифрлық инвестициялық банк тұлғасында лайықты бәсекелес құра алатынымызға сенімдіміз».

Тимур Русланович «Банк Kassa Nova» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасына сайлануына байланысты түсініктеме бере отырып: Алға қойған мақсатқа жету үшін – өз сегментімде үздіктер қатарында болу үшін бар күшімді салатыным және өз тәжірибемді пайдаланатыным сөзсіз» - деді.

Банк Kassa Nova Басқармасының Төрағасы міндеттерін атқарушы ретінде тағайындалған Гулфайруз Ахметова: «Биылғы жыл Қазақстанның барлық азаматтары үшін күрделі жыл болды, және біз де онан тысқары қалған жоқпыз. Соған қарамастан «Фридом Финанс»-пен жасасылған келісім Банк Kassa Nova-ның тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі болып табылады, Директорлар кеңесінің маған сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін. Біз операциялық қызмет бойынша клиенттермен жұмысымызды жалғастыра отырып, түпнұсқалы өнімдер желісінде мүлдем жаңа ойыншы болуға ұмтыламыз.  Мен  «Фридом Финанс»-тың прогрессивті идеялары мен  Kassa Nova командасының реттелген жұмысы қаржы институтының жаңа, заманауи әрі инновациялық қаржы институтын құратынына, қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп, жақсарта алатынына сенімдімін,»- деп атап өтті.