БОЛАШАҚ ЕЛ БИЛЕУШІ БАЛАЛАРДЫҢ АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ПОСТ

Акбобек, детский образовательный центр
Акбобек, детский образовательный центр
Ана тілегі қабыл ғой, әумин 🤲 деп пікірге жаза кетіңіз!

🧟‍♂️Балам бетімен кетті деп жынданып тұрған ана бүгінде. Біреуіңіз бұрышқа тұрғызу керек дейсіз. Екіншіңіз ұрыспасам бала жөнделмейді дейсіз. Үшіншіңіз таяқ жеп өстік, өлмедік деуіңіз әбден мүмкін😉

Сонымен, тыңдамайтын бала қайдан шығады?

🤱🏼Баламыздың болашағына алаңдаймыз. Бастық болса екен дейміз. Сұлтан-Сүлеймандай құрмет көрсін келешегінде дейтініміз тағы бар. Алайда баланы құлша тәрбиелейміз. Жүрегін жаралаймыз. Жазалайтынымызды да жасырмайық. Баласын бұрышқа тұрғызып, сілкілеп өсіретін хан-сұлтанды өмірден де, кинодан да таппайсыз. Қарасаңыз, аялы алақанның астында, ерекше махаббаттың ортасында өсіп жетіледі.

Баланың бұзық мінезіне не себеп?

🚸Сіздің шартты махаббатыңыз
🚸Сіз бөлмеген уақыт
🚸Сіз айтпаған ертегі
🚸Сізбен ойналмаған ойын

деп тізім жалғаса береді.

💁‍♀️Қайтсек болады десеңіз, дәл бүгіннен бастап,

👫балаңызға уақыт бөліңіз.
👫Жаныңызға алып, әңгіме айтыңыз. «Қарашы, көрші Айдос бүйтеді, сөйтеді. Сен бұзық болмасаншы» деген салыстырма әңгіме емес,
👫ана мен бала боп, ана мен қыз боп айтар әңгіме айтыңыз.
👫қасына отырып, кино қараңыз. Сізге ұнайтынын емес, ойласа отырып, ортақ таңдау жасаңыз.
👫Жасы кіші десеңіз, мультфильм көріңіз.
👫Дұрыс мектеп, үздік балабақша таңдауыныз қажет. Қаражат болса, ештеңе аямауыңыз қажет.

🧘‍♂️Алғашқы қадам жасау оңай емес. Алайда сіз тәрбиелемеген баланы күні ертең айналасы, кейін өмірдің өзі тәрбиелеп алады. Ал олардың «алақаны» сіздікіндей жұмсақ болмайды.

🎯Бала кезіңізде бұрышқа тұрып па едіңіз? Тентектігіңізді жазалайтын ба еді? Есте қалған әдемі естелік жазамын десеңіз, ❤️❤️❤️!