Не істеу керек?

Акбобек, детский образовательный центр
Акбобек, детский образовательный центр
Бәріңізді «Бүгінгі балалар неге шыдамсыз?» деген сұрақ мазалай ма? Бiз өзi бақытты бала ма, жоқ әлде жоқ деген сөзді түсінбейтін баланы тәрбиелеп жатырмыз ба?
Яғни:

🔻Балаға бәрін және қалаған уақытында беру.«Қарным ашты» десе, «қазір бірдеңе сатып әперем» дейміз. «Сууу!» - «міне, су! ». «Ішім пысты!» - «мә, телефон». 🤦‍♀️
Шындығында қалағаныңа күттіріп барып қол жеткізу – келешектегі табыстың кілті. Ал біз баламыздың бүгінiн бақытты етеміз деп оны өмір атты үлкен жорықта жүгенсіз, қиындыққа қауқарсыз, морт сынғыш етудемiз.

🔻Қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеу. Смартфон беру арқылы селк етпейтін сезiмсiз, қабілетсiз, меңіреу бала жасаудамыз.

🔻Бітпейтін демалыс сыйлау. Балалар үшін жасанды әлем жасап қойдық. Ол жерде еңбек етуге уақыт жоқ! Бір минут жалықты ма - жаңасын ойлап табамыз. Керiciнше үй жұмысынан алыстаттық.

🔻Бізді неге балалар билейді? «Менің балам ботқа жемейді», «Оған ерте ұйықтаған ұнамайды». Осы сөздерді жиі естиміз. Құдай-ау, қашаннан бері бізді балалар билейтін болған? Ал ерік бердік дейік. Зиянды тамақ жеп семірген, ұйқысы қанбаған, бiлiмге зейінсіз баланың болашағынан не күтесіз?😲

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК:
1. Керек жерде шектей білiңiз.
2. Телефонды тыйып, тіршілікке араластырыңыз.
3. Күттірiңiз. (элементарно сағына білмейтін ұрпақ өсіп келеді.)
4. Жеңiл еңбекке араластырыңыз.
5. Бойында қабілет пен қасиет қалыптастырыңыз

Оңай емес пе? Бала тәрбиесі оңай деп кiм айтты? 🙂
Бiлгенiмiзден бiлерiмiз көп екенi рас.

Олай болса кiм көрiнгеннен емес, маманнан бiлейiк. Кеттік, ендеше! 👇

Ал сiз балаңызға барыңызды беруге дайынсыз ба? Бөлісіңіз⬇️