Сiздiң үйде матриархат па, жоқ әлде патриархат па?

Акбобек, детский образовательный центр
Акбобек, детский образовательный центр
Қызық болсын, балаңызға төмендегі сауалдарды қойып көріңізші. Елiмiздегi мектептерге жүргізiлген зерттеулердің бiрiне көз жүгiртейiк. Балаларға қойылған сұрақтар:

🔷Үйде кiмнiң ықпалы күштірек деп ойлайсың?

Жауап нәтижесі:
Анамның - 70%, әкемнiң -30%

🔷Егер қиындыққа тап болсаң, бiрiншi кiмге айтар ең?

Жауап нәтижесі:
Анама -84%, әкеме - 16%

Не байқадыңыз? Иә, біздің қоғамда аналардың үстемдігі артып келеді. Бұл бізде ғана емес. Әлемде әкелер тәулігiне орта есеппен балаға 15 минут қана уақытын арнайды екен. Осы үшін отбасын асырап жүрген әкелердi жазғыруға болмас. Дегенмен бала тәрбиесіндегi әке рөлiнiң күн санап азайып бара жатқаны ақиқат. Бұл бала тәрбиесіндегі ата-ананың үлес-салмағы, балансы бұзылды деген сөз.

Аналар табиғатынан нәзік, соған сай Жаратушымыз оның бойына жұмсақтау мінез, үй тірлігін дөңгелетер қабілет дарытқан. Ал ерлер қауымына табандылық, өр мінез, күрескерлік рух секілді қасиеттер дарытты. Демек бала екеуінен де өзіне қажеттіні алуы тиіс. Тәрбиеде қайсысының үлес-салмағы артса, табиғаты да соған жақындау болады.

Қала берді, тәрбиенің тағы бір көзі - мектепті алайық. Мектептегі мұғалімдердің де 90%- әйелдер. Ал енді бағалай беріңіз...

🌹Құрметті, аналар! 🌹

Сондықтан «тыныш, әкең ұйықтасын»,«әкеңе айтам» деп онсызда алыстап бара жатқан әкелерді баладан алшақтатпайық. Керісінше, мейлінше оларды әкелерімен көбірек уақыт өткізуге, сырласуға, кей жұмыстарды бірге атқаруға, шешімдерді бірге қабылдауға баулуымыз керек. Сонда кейін есейген ұлыңыз «Үйленгім келеді. Папаға сен айтшы» деп тұрмайды. Қызыңыз да солай. Әке мейіріміне қанып, ер адамның бойындағы барлық қадір-қасиетті көріп өскен қыз бала жар таңдауда жаңылыспайды.

Иә, бала тәрбиесі қолыңа балапан құс ұстағаның секілді. Қатты қыссаң, өлтіріп аласың. Ал алақаныңды ашсаң, бұлқынып ұша жөнеледі. Сондықтан бала тәрбиесіне аса абай болып, ағаттық жіберіп алмауға тырысайық. Ойланып қалдыңыз ба? Ойланбаңыз!

Одан да
🔥🔥🔥талқылайық

Сонымен сіздің үйде кім қожайын? 😄