АНАЛАР МЕН БОЛАШАҚ АНАЛАР ҮШІН ПАЙДАЛЫ ПОСТ❤️

Акбобек, детский образовательный центр
Акбобек, детский образовательный центр
🙇‍♀️ Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Алайда саусағын сорған, тырнағын тістеген, садикке барса да соскасын тастамаған, төбедей болса да төсекке жіберген балалардың бұл қылығын еркелік деп қарауға болмайды!

👶Дүние есігін ашқан бөпе 1,5 жасқа дейін айналасын АУЫЗ ҚУЫСЫ арқылы таниды. Сорады. Тістейді. Жұтады. Ему - сол танудың алғашқы баспалдағы. 62 тамырыңыз иіп, емізерде телефон шұқылаумен емес, тұлға қалыптастырумен айналысыңыз. Абайды дәретсіз емізбеген Ұлжандай ұрпағыңызға бар ұлағатыңызды төгіңіз. Құшақтағы сәбиіңіз сізге қарап жетіледі. Таңғалуыңыз мүмкін, алайда алғашқы 6 айда «жылы сөзге» сараңсып қалсаңыз, (беті әрмен) балаңыз есейгенде «нансоғар» атануы не темекі тартуға бейім болуы мүмкін.

🧸1.5 - 3.5 жаста бала тазалықты тани бастайды. Горшокке сұрануы да осы жаста. Сұранбауы да мүмкін. «Кіш етем деп қашан айтасың?» - деп тергеу астына алмаңыз. Су жаңа Иран кілемін бүлдірді екен деп, бұрышқа тұрғызуға да асықпаңыз. Себебі оның арты үлкен дәреті режимінің бұзылуына әкеп соғады.

👦3.5 – 6 жаста бала өз денесін танып, жыныс мүшелерін ұстап қарай бастайды. Ер баланың анасына, қыз баланың әкеге жақын болуы да осы кезең. Баланың бұл әрекеті -ата-анасының қайсы бірін жақсы көру көрсеткіші емес, өзін тану жолындағы кезекті белесі. «Тәйт, әйт» деп бала жанына жара салмайықшы.

🚩Баланың саусақ соруын қойғызған, соскадан ажыратқан аналар бар ма? Қандай әдіс қолдандыңыз? Дәрігер көмегіне жүгіндіңіз бе?

Ақбөбек балабақшасы🌸