БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК?

Акбобек, детский образовательный центр
Акбобек, детский образовательный центр
🎒Aлты жасар Алпамыстарыңыз мектепке дайын ба? Әлде жеті жасқа жетіп барсын деп отырсыз ба?

🧳Тақпақ айтып, тақылдап тұрған ұл-қызды мектеп жасына жетпесе де білім ордасына беруге асығамыз. Сөздерді тақылдап айтады, есепті шемішкеше шағады дейміз де арқасына сөмкесін іліп, партаға отырғызамыз. Алайда балапан оқуға дайын ба?

🏫Ескеретін бір жайт, мектеп - білім ордасы ғана емес, тәртіп пен ереже "мекені". Бір орында жарты сағат отырудың өзі ойын баласы үшін үлкен өнер. Оны қалай үйретсе болады?

💁‍♀️Балаңызды мектепке беремін деп шешсеңіз, дайындықты неден бастаған жөн?

✅Баланы алдымен сабақты айтуға емес, тыңдауға үйретіңіз. Зейінімен тыңдамаған бала алаңғасар боп кетеді.

✅Мектепке барар жылы үйірмеге жазылмағаныңыз жөн. Үйірме - қосымша жүктеме. Алғаш табалдырық аттаған баланы әрі-бері тасып, шаршатпаңыз.

✅Саусаққа күш түсетіндіктен,қазірден бастап үйден моторикасын дамытуға күш салыңыз. Ертеңгі күні қалам мен қарындашты ұзақ уақыт ұстауда көп қиналмайтын болады.

✅"Мектеп" туралы ұғыммен таныстырып бастаңыз. Мектеп ғимаратын көрсетесіз бе, формасының үлгісімен таныстырасыз ба өз еркіңіз. Қызықтыра отырып, жағымды пікір қалыптастыруға тырысыңыз.

💁‍♀️Балаңыздың мектепке дайындығы қалай? Сабақ оқуға ынтасы бар ма? Неше жастан берген дұрыс? Жалпы бағдарлама ауыр емес пе? Неше жастан мектепке бердіңіз, қандай қиыншылықпен кездестіңіз?
Бөлісіңіз⬇️

Бастысы, дұрыс мектепті таңдау. Тек қана Aqbobek international school Мемлекеттік стандартқа сай + NIS-Program + әрбір пәнді тереңдетіп оқыту енгізілген. Әрбір баланың қызығушылығына сәйкес, қосымша үйірмелер, секциялар бар.

📣Үлкен мүмкіндіктер мектебі- АҚБӨБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБI.
Instagram @ais.aqbobek
☎️ 8(7132) 53-32-03
📞 +7 701 153 7090