Қызылордада көпбалалы ана экс-күйеуін өлтіру үшін жендет жалдаған

2020-01-23 07:00:21
Қызылордада көпбалалы ана экс-күйеуін өлтіру үшін жендет жалдаған
Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған әйел 7 жарым жылға сотталды. Ол өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында – бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынына тапсырыс берген, деп хабарлайды "Хабар24".

Және осы қызметі үшін 20 мың доллар көлемінде сыйақы төлейтін болып келіскен. Түркістандық азамат экс-жұбайының көзін жоюға бекінген азаматшаның қылмыстық пиғылын полицейлерге жеткізген. Тәртіп сақшыларының айтуымен киллер пышағын жалаңдатып, өлген кейіп танытқан күйеуінің үстіне қан жағылған фотосуретті тапсырыс иесіне жібереді.

Қылмыстық ойы толық орындалғанына көзі жеткен әйел бұрынғы жарының атына тіркелген мүліктер балаларына мұра ретінде өткесін, келісілген гонорарын беретінін айтады. Осы ретте оны тәртіп сақшылары қолға түсірді. Айыпталушы мен жәбірленушінің ортақ 4 баласы бар. Сотталушының кәмелетке толмаған қызы енді әкесінің қамқорлығына өтеді. Қалғандары ересек.

"Адам қылмысқа дайындалғаны үшін аталған баптың ең жоғарғы шегінде көрсетілген жазаның тең жартысында көрсетілген жазадан асыруға болмайды. Бұл жерде 20 жыл көзделген болса оның тең жартысы 10 жыл. Сотталушының қылмыстық жазасы мен жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жай болмаған кезде ең жоғарғы шекте көрсетілген жазаның 4 тен 3 бөлігінен асыруға болмайды. Бұл жерде 10 жылдың 4 тен 3 бөлігі 7 жыл 6 айды құрайды", - деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

23.01.2020
ЦИТАТА ДНЯ
23.01.2020
Гороскоп на 23 января
22.01.2020
РАЗОМНЁМ МОЗГИ !
22.01.2020
Названа возможная причина нападения на главу "Казахмыса"
22.01.2020
Крупный вуз закрыли в Шымкенте
22.01.2020
В ВКО сошла лавина
22.01.2020
Вместо Никольского рынка построят жилой комплекс в Алматы
22.01.2020
"Скоро меня убьют": внук Н.Назарбаева опубликовал пост в Facebook