Құрылысшыға айналған қызылордалық мұғалімдер

2019-08-29 10:13:49
Қызылорда облысындағы Жалағаш елді мекеніндегі №201 мектептің жөндеу жұмыстарын мұғалімдер жасап жатыр. Бұл туралы zhasalash.kz хабарлайды.

«Аудан басшылығындағы шəкірттерім мен аудандық білім бөліміндегі туыстарыма қиянатым тимесінші деген оймен осы мəселеден көп алшақтадым. Десе де, ұстаздардың жанайқайы жанымды жегідей жеді. №201 мектептің күрделі жөндеуіне жауапты мердігер мекеме тендерін ұтып, межеге жетпей, мезі қылыпты мұғалімдерді. Тамыз конференциясының таң қалдырар тамашасы болмады. Еңбек демалысынан ерте жұмысқа түсіріп, еріксіз еңбекке жегу қаншалықты қиын. Жөндеуге бөлінген 48 000 000-ның (бейресми ақпарат) егесі неге міндетін аяқсыз қалдырған?

Мұғалімдердің мəртебесін көтеру құрылысқа күштеп жегумен өлшенгені ме? Қаншама ана, əйел, жар неліктен əлеуметтік желіні жиі қолданушыларға жағдай айтады? Директордың пəрменімен "Телеарна келе жатыр" деп ауыздарын жауып, бір бөлмеге қамау қиянат емес пе? «Құл сияқтымыз» деген ұстаздарды құзырлы органдар құшағына алса екен. Сенбілікті де міндетіндей көрген мұғалімнің құқығы қашан қорғалады?», - деп жазды Ержан Алданазаров.

Осыған байланысты Қызылорда облысындағы тілшілер Жалағаш ауданы әкімдігіне хабарласқан еді.



«Мектептегі жөндеу жұмыстарын мұғалімдер жасап жатқан жоқ. Еңбек демалысында жүрген тұрғындар өздері келіп, мердігерге өтініш айтып, келісім-шартпен жұмыс істеп жатыр. Демалыс уақытында қосымша ақша табу үшін келген тұрғындар. Келісім-шартқа сәйкес еңбекақыларын төлеп беріп жатыр», - деп жауап берді «Жас АЛАШ» тілшісіне Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Алайда, әкімдік өкілі «жұмыс жасап жатқан тұрғындардың негізгі жұмысы қандай» деген сұрағымызға жауап бере алмады.

Қабырғасы 1988 жылы қаланған мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 380 млн теңге бөлініпті. Құрлыс 10 қыркүйек күні аяқталуы тиіс екен. Құрылыс жұмысымен «Еңбек-құрылыс» республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысып жатыр екен. 150 құрлысшының 80-ге жуығы жергілікті тұрғындар.

Бізде №201 мектепте мұғалімдердің қара жұмысқа еркінен тыс салынғанына сенгіміз келмейді. 2019 жылдың 16 тамызы күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тамыз кеңесінде» ұстаздарды заңсыз басқа жұмыстарға салатын әкімдерді сынаған еді. Президент сөзін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев естіген болар.

Тілшілер білім басқармасына да хабарласты. Ондағылар «бұл іске қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр» деп қысқа ғана қайырды.
Просмотров материала: 46

 

Последние новости

29.08.2019
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
29.08.2019
ЦИТАТА ДНЯ
29.08.2019
Гороскоп на 29 августа
28.08.2019
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
28.08.2019
ЦИТАТА ДНЯ
28.08.2019
Гороскоп на 28 августа
27.08.2019
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
27.08.2019
ЦИТАТА ДНЯ