"Асыл арман" кешені толықтай карантинге жабылуы мүмкін

2020-04-01 20:00:20

"Асыл арман" тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Өкінішке орай, 1 сәуір күні аталған кешенде тағы бір тұрғынның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ол 59 жылғы әйел адам болып шықты. 

Осы күні-ақ,  Амандық Баталовтың тапсырмасымен  "Асыл арманға"  облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов жолға шыққанын хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі. "Олар сол жерде кешенді толық карантинге жабу мәселесін қарастырады. Бұл жерде облыс әкімінің тапсырмасына сай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің таралуына жол бермеу мәселесімен қатар кешен тұрғындарының сұраныс мәселесі де назарға алынады" - делінген хабарламада.