«Котёл, или Чёрная касса»-ға алданып қалмаңыз!

2020-02-19 18:00:33

Қазақстанда мессенджерлерде «Котёл, или Чёрная касса» ойыны кеңінен таралып жатыр.

Ойынның негізгі мақсаты – бастапқыда 14 300 теңге төлеп, өзіңмен бірге тағы екі адамды қоса кіргізуің керек. Олар да сол қаражатты төлеуге дайын болуы қажет. «Осылайша сені қолдайтын серіктес жинау арқылы мәртебең өсіп, нәтижесінде 114 000 теңгеге дейін алуға болады», – делінген хабарламаларда.

Оңай ақшаға кенелемін деп алданып қалмаңыздар. Себебі бұл – кәдімгі қаржы пирамидасы. Яғни бастапқыда шынымен де табыс әкеліп жатқандай көрінуі мүмкін. Бірақ қатарға қосылушылар саны азайған соң кіріс те тоқтайды. Тиісінше табыстың бәрі ұйымдастырушылар мен бастапқы кезеңде келгендерге ғана бұйыратынын ұмытпаңыздар, деп ескертеді FINANCE.kz.