МӘМС бойынша қазақстандықтар дәрігер кеңесін ала алады

2022-05-18 18:00:41

МӘМС бойынша қазақстандықтар дәрігер кеңесін, медициналық талдаулар мен басқа да диагностикалық қызметтерді пайдалана алады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

Сіз медициналық сақтандыру жарналарының төленіп жатқанын egov.kz электрондық үкімет порталында тексере аласыз.

Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» қызметін тауып, онлайн тапсырыс беріңіз. Ары қарай ЖСН енгізіңіз.

Қызметтің жауабын мәртебені жаңарту арқылы білесіз. Өмірімізде қағазбастылықтың азайғаны қуантады. Бұрын мекемелер жеке-жеке анықтама сұрататын. Қазір керек еткен тарап ақпаратпен онлайн таныса алады. Әрине, сіздің рұқсатыңызбен.

Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі арқылы псих-нарко диспансерлерінен, жылжымайтын мүліктің немесе соттылықтың болуы/болмауы, зейнетақы жинақтарының жай-күйі, салық бойынша берешек және т.б. 21 анықтама қолжетімді.

Ол үшін сұратушы тарап: 1. Еgov.kz порталында авторизациядан өтеді; 2. Сервисті тауып, сіздің ЖСН-іңізді енгізеді; 3. Тізімнен анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау жібереді.

Сұраным сіздің жеке кабинетіңізге келіп түседі, сондай-ақ телефоныңызға 1414-тен код жазылған смс-хабарлама келеді.

Осы екеуінің бірін пайдаланып, 2 сағат ішінде үшінші тұлғаның анықтама алуына келісім беріңіз немесе бас тарту қажет. 2 сағаттан кейін жіберілген жауап жарамсыз деп есептеледі.