Қуандық Бишімбаев Салтанатқа тірі кезінде қандай төрт талап қойған

2024-04-23 14:30:18

Қуандық Бишімбаевтың телефонын зерттеп жатқан судья Айжан Құлбаева ресейлік психолог Юлия Герасимовамен болған чатты ашып, ондағы хаттарды оқыды. Бишімбаев пен Нүкенова психологтың сеанстарына онлайн қатысып жүргені белгілі болды.

Психологтың жазғанын оқыған Айжан Құлбаева арасында күлкісін де жасыра алмады. Өйткені, ол ерлі-зайыптыларға ақыл-кеңес айтып, арасында өзінің жарнамасын да ұсынған.

Құлбаеваның оқыған хаттары арасында Бишімбаевтың Салтанатқа қойған талаптары мен Салтанаттың Бишімбаевқа қойған талабы бар.

«Бишімбаев Салтанатқа:

аптасына бес күн кешкі ас дайындасын;

Салтанат сол кешкі аста қасында отырсын;

Салтанат жүріс-тұрысын айтып отырсын;

өзін сабырлы күйде ұстасын деген талап қойған.

Ал, Салтанат Қуандық Бишімбаевтан «мені сынауын азайтып, мені кінәламай, эмоционалды түрде қысым жасамасын» деген талабын айтқан», — деді хаттарды оқыған Құлбаева.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, 2023 жылы 9 қарашада, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні Қуандық Бишімбаев әйелдермен жайбарақат күйде хат алмасқан.

 

Последние новости

23.04.2024
«Іш киіміне қол салған»: Алматыда 10 жастағы балаға азғындық жасамақ болған ер адам ұсталды
23.04.2024
Алматыда жолдың қарама-қарсы бағытына бұрылған полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті
23.04.2024
VK Cloud представила облачный сервис Disaster Recovery в Казахстане
23.04.2024
Жаңа ипотекалық «Наурыз» бағдарламасының шарттары жарияланды
23.04.2024
Ақтөбеде ер адам кездесіп жүрген қызын пышақтап өлтірген
23.04.2024
«Боссың ба»: Бишімбаев Салтанат өлер алдында басқа әйелдермен хат жазысып отырған
23.04.2024
«Қора-жайын, моншасын салып бермейміз»: Өнеркәсіп және құрылыс министрі басты міндет баспанамен қамтамасыз ету екенін айтты
23.04.2024
«Су басқан баспанамызға қалай ораламыз?»: Оралдықтар әкімдік ғимарының алдына жиналды